02 Желтоксан 2021
130

ҚҰРМЕТТІ КОЛЛЕДЖ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ӘРІПТЕСТЕР, СТУДЕНТТЕР МЕН АТА - АНАЛАР!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Бұл - ғасырлар тоғысында ата - бабалар аңсаған аңсарлы әлем Азаттықтың алауын жағып, Тәуелсіздіктің тұсауын кескен, қазақ жұртын әлемге бейбітсүйгіш ел, толерантты ұлт ретінде танытқан Елбасының таққа отырған, Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалатыны шындық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Елбасының толассыз еңбегі мен көреген де сарабдал саясатының арқасында ғасырда жасалар ғаламаттар екі онжылдықта жүзеге асты. Айтулы мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еліміздің өркендеуі жолындағы атқарып жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Ізгі тілекпен, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы