01 Қыркүйек 2021
111

1 ҚЫРКҮЙЕК - БІЛІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АЙМАҒАМБЕТОВ АСХАТ ҚАНАТҰЛЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті ұстаздар, оқытушылар, оқушылар, студенттер және ата-аналар! Сіздерді 1 қыркүйек — жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Білім беру ұйымдарында оқу жылы қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта басталады. Балалар өз мектептерін, достары мен сыныптастарын, ал мұғалімдеріміз оқушыларын сағынды. Барлығы мектептердің ашылуын асыға күтті. Әлемдік пандемия білім беру үрдісіндегі мұғалімнің баға жетпес рөлін айқындай түсті. Атап айтсақ, мұғалімнің кәсібилігі, тәжірибесі, балаға деген сүйіспеншілігі мен оқушының өміріндегі атқаратын рөлі айқындалды. Әлбетте, мұғалімдер гаджет экрандары арқылы емес, балалармен тікелей байланыста бола отырып беретін білімді заманауи технологиялармен салыстыру қиын. 1 қыркүйек — бірінші сынып оқушылары үшін ерекше мереке. Биыл 394 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Осы салтанатты күні «Әліппе» мен «Букварь» оқулықтарын қолдарына алатын бірінші сынып оқушыларын құттықтағым келеді. Бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық тілеп, ашық және білімқұмар болуға шақырамын. Жаңа оқу жылы әрбір оқушы, студент, мұғалім және оқытушы, жалпы білім беру саласына қатысы бар әрбір адам үшін қызықты әрі пайдалы болуын тілеймін. Құрметті әріптестер! Көптен күткен дәстүрлі форматқа оралып, мектеп қабырғасында балалардың жарқын күлкілерін есту сіздерді қуанышқа бөлейтінін білемін. Жоғары оқу орындарындағы аудиториялар да қызықты әңгімелер мен зияткерлік пікірталастарға толы болары сөзсіз. Қымбатты білім алушылар, мұғалімдер мен ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық тілеймін! ————————————————————- Уважаемые учителя, преподаватели, ученики, студенты и родители! Поздравляю вас с 1 сентября – началом нового учебного года! Учебный год в организациях образования начинается в традиционном очном формате с соблюдением жестких санитарных требований. Многие дети соскучились по школе, по своим друзьям и одноклассникам. По своим ученикам скучали и наши учителя. Многие с нетерпением ждали открытия школ. Пандемия ярко высветила неоценимую роль учителя. Его профессионализм, опыт, любовь к детям, особый подход и участие в жизни ученика. Знания, которые дают учителя не через экраны гаджетов, а посредством живого общения с детьми, не сравнимы ни с какими современными технологиями. 1 сентября — особенный праздник для первоклашек. В этом году около 394 тыс. детишек пойдут в первый класс и откроют для себя мир знаний. В этот торжественный день хочу поздравить наших первоклассников, которые сегодня получат «Әліппе» и «Букварь». Желаю нашим детям крепкого здоровья, новых интересных открытий, быть прилежными и любознательными. Желаю, чтобы этот учебный год был интересным и полезным для каждого школьника, студента, учителя и преподавателя, для каждого причастного к сфере образования. Уважаемые коллеги! Знаю, что многие из вас рады снова вернуться в школы, видеть детей за партами и слушать звонкий детский смех в классе. Аудитории вузов наполнятся весёлыми разговорами и интеллектуальными спорами. Желаю крепкого здоровья всем учащимся, учителям и родителям. С праздником всех! С Днём знаний!

"/>