18 Тамыз 2021
144

КОЛЛЕДЖДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫ ТжКБ ЖҮЙЕСІ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ТОЛЫҚ ҚАТЫСТЫ

КОЛЛЕДЖДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫ ТжКБ ЖҮЙЕСІ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ТОЛЫҚ ҚАТЫСТЫ Ағымдағы жылдың 16 - 18 тамыз аралығында Білім және ғылым министрлігі ТжКБ жүйесінің педагогтерінің жыл сайынғы тамыз конференциясысы өткізілді. 16.08.2021 ж. 14:00-17:00 - «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы білім беру мазмұнын трансформациялау: негізгі өзгерістер мен жаңа тәсілдер» секциялық отырысы (колледж директорлары мен орынбасарлары) 17.08.2021 ж. 09:00-11:00 - «Abilympiсs» халықаралық қозғалысы ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін кәсіптік бағдарлау және инклюзивті кәсіптік білім беруді дамыту құралы ретінде» секциялық отырысы (колледж директоры, орынбасарлар, әдіскер, педагог-психолог, әлеуметтік педагог) 17.08.2021 ж. 14:00-16:00 - «Жаңа шындықтағы кәсіби шеберлік дағдыларын дамыту» секциялық отырысы (колледж директоры, орынбасарлар, әдіскер, арнайы пәндер оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері) 18.08.2021 ж. 09:00-11:00 - «Тәрбиелік орта: озық тәжірибелер мен даму стратегиясы» тақырыбында секциялық отырысы (колледж директоры, директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әдіскер, педагог - психолог, әлеуметтік педагог, жатақхана меңгерушісі, жастар комитетінің төрайымы, көркемөнерпаздар жетекшісі, топ кураторлары, колледждегі дебат клубының жетекшісі) 18.08.2021 ж. 14:00-16:00 - «Кәсіптік білім беруді тұрақты дамыту мүддесінде бизнеспен серіктестік» (колледж директоры, орынбасарлар, әдіскер, аға шебер, арнайы пәндер оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері) Конференцияның барлық секциялары бойынша колледж педагогтары ұйымшылдықпен қатысты.