24 Тамыз 2021
159

«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ: ТЕХНОЛОГИЯ. ИННОВАЦИЯ.ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ: ТЕХНОЛОГИЯ. ИННОВАЦИЯ.ТӘЖІРИБЕ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ. Қызылорда облысының білім басқармасы ТжКБ ұйымдары қызметкерлерінің «Техникалық және кәсіптік білімнің дамуының жаңа белестері: Технология. Инновация.Тәжірибе» тақырыбында ZOOM платформасында секциялық отырысы өткізілді. Секция отырсын Қызылорда облысының білім басқармасы, Қызылорда облысының оқу (әдістемелік) орталығының ТжКБ бөлімінің басшысы Дүрманов Бақдәулет Дербісалыұлы жүргізіп отырды. Секцияның күн тәртібінде «2021-2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру» және «ТжКБ білім беру ұйымдарының академиялық дербестігін енгізуге мүмкіндік беретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары» мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес ҚР БжҒМ ТжКБ департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Гапуұлы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер», Қызылорда облысы білім басқармасы, техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Есенбаев Бекжан Шахизатұлы «ТжКБ жүйесін дамытуда атқарылған жұмыстар жаңа міндеттер», ҚР БҒМ Мазмұн басқармасының басшысы Далабаев Жанат Қуанышбайұлы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар», Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының директоры Камалова София Тәкенқызы «Білім беру ұйымдарында педагогтардың кәсіби дамуын басқару моделі», «TALAP» КеАҚ Республикалық штаттан тыс тренері Валитова Лилия Маратқызы «Реализация инклюзивного образования в Казахстане», И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық - техникалық жоғары колледжінің директоры Абдукаримов Бақытхан Жүнайдұлы «ТжКББ ұйымдарында жан басына қаржыландыру мәселелері», Қазалы аграрлы техникалық колледжінің директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы «Жас маман» жобасы білікті кадрлар даярлау кепілі», Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әлназарова Гүлмира Шәріпбайқызы «Дуалды оқытудың жол картасын іске асыру мәселелері», М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің директоры Кенбаев Бақыт Қуанышбекұлы «WorldSkills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан – жұмысшы мамандардың кәсіби біліктілігін бағалаудың жаңа форматы» тақырыптарында баяндама жасады. Секция отырысына аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, әдіскерлері, аға шеберлері қатысты.

"/>

"/>