26 Маусым 2021
157

ЕҢБЕК ЖОЛЫҢА СӘТТІЛІК, ЖАС МАМАН!

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде «Еңбек жолыңа сәттілік, жас маман!» атты бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты болып өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы ашып, бітіруші түлектерге құттықтауын жеткізіп, үздік диплом иегерлерінің дипломын табыстады. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Кибекбаева Жанар Өмірзаққызы, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңылова Гүлазат Инабатқызы, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Арзақынов Қаршыға Меңдіқұлұлы бітіруші түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, дипломдарын табыстады. Биыл оқу орнын 6 мамандық бойынша 139 түлек бітіріп жатыр. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Қаржаубай Ақсауыт, «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бойынша Жүсіпбек Ерсұлтан, «Ауылшаруашылығы техникаларына қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша Спан Айдын үздік диплом иегері атанды. Салтанатты жиын карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, кестеге сәйкес әр топта әр уақытта өткізілді. Суретті түсірген: Ж.Кененбаева

"/>

"/>

"/>

"/>

"/>