28 Мамыр 2021
276

Республикалық педагогикалық кеңес өтті

Республикалық педагогикалық кеңес өтті 2021 жылдың 27 мамырында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен республикалық педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте 2020-2021 оқу жылының қорытындысы шығарылып, білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері қаралды. Кеңесте Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғ. Бейсембаев «Жазғы мектепті ұйымдастыру. Оқушылардың білімдерін толықтыру» тақырыбында баяндама жасап, онлайн жазғы мектептің нұсқаулығын түсіндіріп, цифрлық сауаттылықты арттыру, мұғалімдердің әдістемелік білім деңгейін көтеру туралы ақпарат берді. Министр кеңесті қорытындылай келе, Ұлттық білім академиясының атқарып жатқан жұмысына оң баға берді. Іс-шараға облыстық білім басқармаларының басшылары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің меңгерушілері, білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, педагогтер, әдіскерлер қатысты.