30 Сәуір 2021
327

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, КОЛЛЕДЖ АРДАГЕРЛЕРІ, СТУДЕНТТЕР МЕН АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, КОЛЛЕДЖ АРДАГЕРЛЕРІ, СТУДЕНТТЕР МЕН АТА-АНАЛАР! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының берекесі, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жарқын бір көрінісі. Бірлік пен тірлік ұштасқан, татулық пен тыныштық қалыптасқан елде береке мол. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ырысты ынтымақ құрған егемен еліміздің мамыражай мейрамы. Бірлік, достық, татулық, ынтымақ – еліміздегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі ұстанымы. Айтулы мереке дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қуаныш пен шаттық, қызметтеріңізге толағай табыстар тілеймін! Ізгі тілекпен, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы