26 Қыркүйек 2020
550

СЕКСЕН ЖЫЛ АСУЫНДА

СЕКСЕН ЖЫЛ АСУЫНДА Техникалық және кәсіптік білім беру саласының 80 жылдық мерейтойына колледж ардагері Дүзбай Сәлия Шарападинқызының құттықтауы Жастығы жалынымен тұр майысып, Кеудеге жүректері сыймай ысып. Жыл сайын «Алтын ұям, Ақ Ордам» - деп Кетеді қарлығаштар қимай ұшып. Той сәні ән мен жырын шашуында, Ел сәні берекесі тасуында. Тербеткен сан мың шәкірт бесігінде, Сол сала сексен жылдың асуында. Тәртіп пен білім болған сүйенері, Даланың темір тұлпар иелері. Бастауын бар білімнің бізден алар, Кәсіптік білімнің зор иелері. Тауыспай қаншама ұстаз тағаттарын, Қатайтты жас маманның қанаттарын. Аспазшы, есепші не фермер етіп, Соңында әрбір жолға сараптады. Сан шәкірт қонды өзінің тұғырына, Есейіп, білім алып, сыр ұғына. Кәсіптік білім беру саласының, Тіледім бар жақсылық ғұмырына. 25.09.2020 ж. Суретте: Топ кураторы Сәлия Дүзбай мен оқушысы Арман Мусаев