11 Мамыр 2020
118

Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер!
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!
Ізгі тілекпен, колледж директоры, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері Исмайлов Темірбек Кәнішұлы