28 Ақпан 2020
90

"WORLDSKILLS KAZAKHSTAN" ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ

Бүгін колледжде Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс кестесіне сәйкес «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауылшаруашылық техникаларын жөндеу және қызмет көрсету», «Пісіру ісі», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІ-ІІІ курс білім алушылары арасында «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Аспаз ісі» құзіреттіліктері бойынша «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық Чемпионатының колледжішілік кезеңі өткізілді. Чемпионаттың қорытынды сөзін сөйлеген колледж директоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Исмайлов Темірбек Кәнішұлы қатысушыларға шынайы алғысын білдірді. Байқаудың сарапшылары әр құзіреттілік бойынша жеңімпаздарды марапаттады. Чемпионат 5 құзіреттілік бойынша жоғары дәрежеде өтті.
Суретті түсірген: Шәрбану Толыбайқызы.