27 Ақпан 2020
351

"WORLDSKILLS KAZAKHSTAN" ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК КЕЗЕҢІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

Бүгін колледжде Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) жұмыс кестесіне сәйкес «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Ауылшаруашылық техникаларын жөндеу және қызмет көрсету», «Пісіру ісі», «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІ-ІІІ курс білім алушылары арасында «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші», «Дәнекерлеу технологиясы», «Кірпіш қалау», «Аспаз ісі» құзіреттіліктері бойынша «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық Чемпионатының колледжішілік кезеңі өткізілуде.

Чемпионатты колледж директоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Исмайлов Темірбек Кәнішұлы, Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда облыстық оқу орталығының ТжКБ бөлімінің меңгерушісі Дүрманов Бағдаулет Дербісалыұлы, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиал директоры Еңсепов Кәдірхан Төлемісұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионатқа 5 құзіреттілік бойынша 20 студент қатысуда.