18 Ақпан 2020
176

Өркениет әлемі: Әл-Фарабиден Абайға дейін

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай білім алушылар арасында «Өркениет әлемі: Әл-Фарабиден Абайға дейін» тақырыбындағы қалалық конференциясы өткізілді.

Конференцияға Қазалы қаласындағы Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің білім алушылары, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейі, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінің пән мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Конференцияға 20 жұмыс ұсынылды. Конференцияға Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қайназарова Жанар Қазиқызы, Ғани Мұратбаевтың мемориалдық музейінің меңгерушісі Асанова Роза Шорақызы, Қазалы қаласындағы қалалық мәдениет үйінің әдіскері Пірімбаев Серік Елканұлы қазылық жасады.
Суретті түсірген: Ш.Баекеева.