15 Ақпан 2020
299

КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл 31 жыл. 
Сұрапыл соғысқа қатысып, өзге елдің мүддесін қорғаған отандастарымызға құрмет көрсету парызымыз. 
Осы атаулы күнге байланысты Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде ауған соғысының ардагерлері, Қазалы қаласының тұрғындары, Жаңабай Адмағамбетов пен Айдар Әлиевпен дөңгелек үстел өткізілді.

Шараны колледж директоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Исмайлов Темірбек Кәнішұлы ашып беріп, әскери жетекші, подполковник Шаймерденов Бақытғали Базарбайұлы жүргізіп отырды. Тәуелсіздік жолында күрескен кешегі ұландардың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ардагер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу біздің борышымыз. 
Суретті түсірген: Ш.Баекеева