30 Қаңтар 2020
169

"ҮЗДІК ЖАС ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ"-2020 КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

"ҮЗДІК ЖАС ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ"-2020 КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде әдістемелік кабинеттің "Жас мамандар" мектебінің жылдық жоспарына сәйкес жас өндірістік оқыту шеберлерінің арасында "Үздік жас өндірістік оқыту шебері - 2020" колледжішілік байқауы өткізілді. Байқаудың қорытынды сөзін сөйлеген аға шебер Қуат Құланбайұлы байқауға қатысқан әрбір өндірістік оқыту шеберінің жұмысына жеке - жеке тоқталып, пікірін айтты.

Мұнан соң байқаудың марапаттау рәсімінде сөз алған директордың оқу - өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қаршыға Меңдіқұлұлы байқауға қатысушыларға алғысын білдіріп, колледж әкімшілігінің марапаттауларын табыстады. 
Байқау қорытындысы:


І орын - Қарасай Гүлнәз Сұңғатқызы
ІІ орын - Аденов Ержан Кеңесұлы
ІІІ орын - Ахметжан Нұрсұлтан Орынбайұлы
"Үздік өндірістік оқыту шебері" номинациясы - Жалтай Бауыржан Қайратбекұлы
"Өнертапқыш өндірістік оқыту шебері" - Нұржігіт Жастілек Нұржанұлы
Алғыс Хат - Жақсыбай Айбек Қайрақбайұлы
Алғыс Хат - Алаватдин Рүстем Алаватдинұлы
Алғыс Хат - Телағысқызы Назерке
Алғыс Хат - Ақбай Мерей Әбілғазыұлы
Алғыс Хат - Жетеулиев Тұрар Маратұлы
Алғыс Хат - Шымберген Амангелді Еркінұлы
Суретті түсірген: Ш.Баекеева