25 Қараша 2019
19

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ "АЙБЫН" ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ.

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ "АЙБЫН" ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ.

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысы РҚБ Қызылорда облыстық филиалы қолдауымен және "Кәусар" мамандар орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Айбын" облыстық әскери-патриоттық жиыны өткізілді. Жиынға 8 командадан жасақталған 64 жас қатысты. Жиында әскери-қолданбалы 5 спорт түрлері және "IQazaqstan" ,"Менің роботым" сайыстары бойынша командалар бақ сынады. "Арқан тарту" жарысы бойынша Қазалы аграрлы теxникалық колледжі III орынды иеленді.


Қазалы аграрлы-техникалық колледжі командасы мен жетекшісі Бекқожа Әкімбек Тойбазарұлына, әскери жетекші Шаймерденов Бақытқали Базарбайұлына алғысымызды білдіреміз.
Суретті түсірген: Ә.Бекқожа.

Мемлекеттік бағдарламалар