19 Қараша 2019
28

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Құрметті Темірбек Кәнішұлы!!!
Сізді 63 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!!!
Сіз техникалық және кәсіптік білім беру саласында 43 жыл бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқардыңыз.

Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыры мен сырын үйретуден жалыққан емессіз. Сізді үлкен абырой - беделге ие болған тәжірибелі басшы, сала маманы ретінде құрмет тұтамыз.
Бүгін ұжымыңыз Сізді шын жүректен зейнет жасыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, ортаймас несібе мен дәулет тілейді. Еңбекте толағай табыстар мен биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табысыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
Бірақ қимыл әлі жастай шымыр - ақ.
Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,
Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.

Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
Қуанышқа ортақ кіші - кәріміз.

Ізгі тілекпен, Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің ұжымы
18.11.2019 жыл
Қазалы қаласы

Мемлекеттік бағдарламалар