08 Қараша 2019
11

КОЛЛЕДЖ «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ.

КОЛЛЕДЖ «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ.

Жастар жылы аясында «Жас маман» бағдарламасы бойынша еліміздегі колледждердің материалдық – техникалық базасы жаңартылмақ. Жобаның мақсаты – заманға сай білікті маман даярлау. «Жас маман» жобасы бойынша оқу орындарынматериалдық техникамен жабдықтау, шетелдік әріптестерді тарту, халықаралық стандарттарды енгізу жұмыстары 2020-2021 жылдары жүзеге асырылады.

Жобаға шеңберінде еліміздегі 479 мемлекеттік колледждің ішінен 180 колледж таңдап алынатын болады. 2019 жылы республика бойынша 80 мемлекеттік колледж таңдап алынса, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша Қазалы аграрлы – техникалық колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық – техникалық колледжі, М.Ықсанов атындағы Қызылорда рполитехникалық колледжі, Шиелі индустриалды – техникалық колледжі бар.
Қазалы аграрлы- техникалық колледжі аталған жобаға 1201000 – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 1501000 – «Ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қызмет көрсету және пайдалану» мамандықтары бойынша қатысып, жеңімпаз атанды. 
«Жас маман» жобасын іске асыру ережелері мен механизмдері ҚР БҒМ 2019 жылдың 27 қыркүйегіндегі №425 бұйрығымен бекітілген. 
«Жас маман» жобасының артықшылығы - ең қажетті мамандықтарға басымдық беру.

Мемлекеттік бағдарламалар