21 Қыркүйек 2019
68

ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ.

 Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 21 - қыркүйек - Тілдер мерекесі аталып өтті. Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен "ТІЛ - ҰЛТ БІРЛІГІНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ" тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

Шараны колледж директорының оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Мусаев ашып, ұстаздар мен студенттерге мерекелік лебіздерін білдірді. Шараны колледж студенттері Ж.Төренияз, А.Романова, А.Есенқұлова үш тілде жүргізді. Шара барысында колледждің белсенді студенттері, тіл жанашырлары үш тілде өлең оқып, ән салып, түрлі халықтың биін көрерменге ұсынды. Колледж әкімшілігі атаулы мерекені жоғары дәрежеде өткізуге ат салысқан колледжішілік "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы Ж.Ысмағұлға және гуманитарлық пәндер бірлестігіне (Жетекшісі: Ж.Алмаева) зор алғысын білдіреді.
Суретті түсірген: Ш.Баекеева.

 

Мемлекеттік бағдарламалар