01 Қыркүйек 2019
91

САНАЛЫ ҰРПАҚ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде "саналы ұрпақ - жарқын болашақ" атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті. Жиынды колледж директорының уақытша міндетін атқарушы Арман Қонысбайұлы Мусаев ашып, ұстаздар мен студенттерді, ата - аналар мен қонақтарды 1 - қыркүйек - Білім күнімен құттықтады.

Мұнан кейін колледж ардагерлері Өтеубай Өтеулі, Сәлия Шарападинқызы Дүзбай, Қуандық Әлмембетұлы Ильясов сөз алып мерекелік лебіздерін білдірді. Директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Жанар Өмірзаққызы Кибекбаева мен директордың оқу - өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қаршыға Меңдіқұлұлы Арзақынов мерекелік лебіздерін білдіріп, І курсқа қабылданушы студенттердің бұйрығымен таныстырды. Колледж ардагерлері Өтеубай Өтеулі, Сәлия Шарападинқызы Дүзбай, Қуандық Әлмембетұлы Ильясов І курс студенттеріне ақ батасын беріп, алғашқы қадамдарының ақ лентасын қиды. Шара барысында колледж студенттері ән мен биден шашу шашты.

Суретті түсірген: Ш.Баекеева

 

Мемлекеттік бағдарламалар