01 Шілде 2019
153

СӘТ - САПАР, АҚ ЖОЛ, ЖАС МАМАН!!!

 Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде «Сәт-сапар, ақ жол, жас маман!!!» атты бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты болып өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Исмайлов Темірбек Кәнішұлы ашып, құттықтауын жеткізді. Биыл оқу орнын 6 мамандық бойынша 143 түлек бітіріп жатыр. 6 бітіруші түлек үздік диплом иегері атанды.

Салтанатты жиынға Қазалы қаласы әкімі Р.Ізтілеу, Қазалы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Көләнов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Е.Жанпейісов, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Қазалы аудандық филиалының директоры Е.Аймаханов, Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің директоры О.Махамбетов, "Сыр маржаны" ЖШС директордың орынбасары Т.Бөрқұлақов, Қазалы аудандық ветеринариялық стансасының директоры Б.Әміреев, Қазалы аудандық ветеринариялық лабораториясының басшысы Қ.Манабаева, "Қазалысушар" мекемесінің директоры И.Мүсіров, "Феникс" ЖШС директоры Б.Нарымбетов және бір топ колледж ардагерлері қатысып, түлектерге диплом тапсырып, болашаққа аттаған жаңа қадамдарына ақ жол тіледі.

 

Мемлекеттік бағдарламалар