21 Маусым 2019
172

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

    «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Қазалы» атындағы Бастауыш партия ұйымының кезекті жиналысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Қазалы» атындағы бастауыш партия ұйымының есебі тыңдалса, партия қатарына жаңа мүшелер қабылданып, бірқатар азаматтарға марапат тапсырылды.


"Nur Otan" партиясының 20 жылдық мерейтойына орай Ұлт көшбасшысы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз идеялары мен саясатын қолдап, партия алдындағы мақсат - міндеттерін жүзеге асырудағы белсенділігі үшін колледж директоры Исмайлов Темірбек Кәнішұлы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ертасова Гүлдана Ерболатқызы, өндірістік оқыту шебері Жалтай Бауыржан Қайратбекұлы "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының Алғысымен марапатталды.

Мемлекеттік бағдарламалар