31 Мамыр 2019
160

WORLDSKILLS KAZAKHSTAN ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ.

 Бүгін Қызылорда облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Чемпионатының облыстық кезең жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ашты. Чемпионат жеңімпаздарын Қызылорда облысы Мәслихатының хатшысы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы марапаттады.

Шараға Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің түлегі, "Кірпіш қалау" құзіреттілігі бойынша екінші орын иегері Оразымбет Жадырасын Серікбайұлы қатысып, Қызылорда облысының Әкімінің және Қызылорда облысының білім басқармасының дипломымен және 40 000 теңгенің сертификатымен марапатталды. Жадырасынды 3 мәрте WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Чемпионатының облыстық кезеңіне, 2 мәрте республикалық кезеңіне дайындаған - өндірістік оқыту шебері Айтпаев Қайрат Қолғанатұлы.
Жадырасын мен Қайрат Қолғанатұлын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!!!
Суретті түсірген: Қ.Арзақынов.

Мемлекеттік бағдарламалар