10 Мамыр 2019
179

"ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ" АТТЫ АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

 Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай І курс №18- 4 "Ішкі санитарлық - техникалық құрылғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді монтаждау және пайдалану (түрлері бойынша)" мамандығы тобының топ кураторы Өмірзақов Нұрғиса Оңғарбайұлының ұйымдастыруымен "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Ашық тәрбие сағатын директордың оқу - өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Арзақынов Қаршыға Меңдіқұлұлы ашып, әскери дайындық жетекшісі Шаймерденов Бақытғали Базарбайұлы мерекелік лебізін білдірді. Шара топ студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Колледж әкімшілігі ашық тәрбие сағатын өз дәрежесінде өткізген топ кураторы Өмірзақов Нұрғиса Оңғарбайұлы мен топ шебері Телағысқызы Назеркеге шынайы алғысын білдіреді.
Суретті түсірген: Н.Телағысқызы.

Мемлекеттік бағдарламалар