30 Сәуір 2019
265

1 МАМЫР - ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН "БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН" АТТЫ АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ.

  Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай І курс №18-3 "Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану" мамандығы тобының топ кураторы Еркужаева Шынар Жұмамұратқызының ұйымдастыруымен "Бірлігіміз жарасқан" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

Тәрбие сағатын директордың оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлы ашып, колледж студенттерін айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Шара барысында топ студенттері қазақ, орыс, өзбек, татар ұлттарының әнін шырқап, биін биледі. Колледж әкімшілігі ашық тәрбие сағатын жоғары дәрежеде өткізген топ кураторы Еркужаева Шынар Жұмамұратқызына, топ шеберлері Бегалиев Жұмағали Жұмаханұлы мен Айтпаев Қайрат Қолғанатұлына шынайы алғысын білдіреді.

Мемлекеттік бағдарламалар