29 Сәуір 2019
968

ОҚУ - ДАЛАЛЫҚ ЖИЫНЫ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨТКІЗІЛДІ.

 Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 22 - 27 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің "Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 бұйрығына және Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің №213/1395 санды хатына сәйкес ІІ курс студенттерімен 6 күндік оқу - далалық жиыны өткізілді. Шара барысында студенттерге әскери жаттығулар мен мен саптық жүрістер,әскери қару - жарақтардың қолданылуы, әскери оқу - тактикалық жаттығулар, әскери ойындар, т.б. жұмыстар жүргізілді.

Оқу - далалық жиынды АӘД пәнінің ұйымдастырушысы Бақытғали Базарбайұлы Шаймерденов пен АӘД пәнінің оқытушысы Әкімбек Тойбазарұлы Бекқожа жоғары дәрежеде жүргізді. Әр топтың жанында топ шеберлері және дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Ерғазы Бақтияр Махмұджанұлы мен Қалыбаев Қайрат Оңталапұлы болды.Оқу - далалық жиынның өткізілу барысы әкімшілік тарапынан бақыланып отырылды. Оқу - далалық жиынның 6-шы күніне колледж әдіскері Баекеева Шарбану Толыбайқызы қатысып, оқу - далалық жиынын жоғары дәрежеде өткізген АӘД пәнінің ұйымдастырушысы Бақытғали Базарбайұлы Шаймерденовке, АӘД пәнінің оқытушысы Әкімбек Тойбазарұлы Бекқожаға, дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Ерғазы Бақтияр Махмұджанұлына,Қалыбаев Қайрат Оңталапұлына, өндірістік оқыту шеберлері Аденов Ержан Кеңесұлына, Жалтай Бауыржан Қайратбекұлына және ІІ курс студенттеріне алғысын білдірді.
Суретті түсірген: Қ.Қалыбаев