15 Сәуір 2019
51

АЙМАҒЫМЫЗДА "WORLDSKILLS KAZAKHSTAN" ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

 2019 жылдың 12 сәуірі күні Смағұл Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің базасында Қызылорда облысының білім басқармасы мен Қызылорда облысының оқу орталығының ұйымдастыруымен "WorldSkills Kazakhstan" Ұлттық Чемпионатының облыстық кезеңі "Кірпіш қалау" құзіреттілігі бойынша өтті.

Чемпионатқа Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің түлегі Оразымбет Жадырасын Серікбайұлы қатысып, екінші орынға табан тіреді. "Бап шаба ма, бақ шаба ма?" дегендей Жадырасын "Кірпіш қалау" құзіреттілігі бойынша 2017 жылы республикалық Чемпионатқа қатысып қайтқан облыс командасының мүшесі еді. Жадырасынды 3 мәрте аталмыш чемпионатқа дайындап келе жатқан - бірінші санатты өндірістік оқыту шебері - Айтпаев Қайрат Қолғанатұлы.
Жадырасын мен Қайрат Қолғанатұлын екінші орын иеленуімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!!!

Мемлекеттік бағдарламалар