06 Сәуір 2019
64

«ТЖКББ ҰЙЫМДАРЫНА ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫ ЕНДІРУДЕГІ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

 Бүгін аймағымыздағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары Қазалы ауданындағы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасында өткен «ТжКББ ұйымдарына дуальды оқытуды ендірудегі нәтижелер және оны дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумға қатысты.

Шара Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі базасында бастау алып, Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде жалғасты. Ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын оқу орындарының семинарға қатысушылары Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің әлеуметтік әріптестері «Сыр маржаны» ЖШС базасында болып, дуальды оқыту бойынша өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы мамандықтары бойынша колледж білім алушыларының жұмысымен танысып қайтты. Семинардың пленарлық мәжілісінде Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің директоры Исмайлов Темірбек Кәнішұлы «Ауыл шаруашылығы саласына қажетті жұмысшы кадрларын даярлаудағы дуальды оқытудың маңызы» және колледждің әлеуметтік әріптестері «Сыр маржаны» ЖШС директорының орынбасары Бөрқұлақов Талайлы Әмитжанұлы «Аудандық өнеркәсіптік секторына жұмысшы кадрларды даярлауда әлеуметтік серіктестіктің ролі», тақырыбында баяндама жасады. Семинарға қатысушылар Қазалы жеріндегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының тәжірибесіне сүйсініп, ризашылықтарын білдіріп, тәжірибе алмасып қайтты.
Суретті түсірген: А.Әнапия.

Мемлекеттік бағдарламалар