28 Наурыз 2019
87

«Қазалы аграрлы - техникалық колледжі» МКҚК 2019 жылдың 27 - 29 наурызы күндері мемлекеттік аккредиттеуден өтуде.

«Қазалы аграрлы - техникалық колледжі» МКҚК 2019 жылдың 27 - 29 наурызы күндері мемлекеттік аккредиттеуден өтуде. Аккредиттеуді «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» жүргізуде. Аккредитация комиссиясын Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің ТжКБ ұйымдарының аккредитация аға үйлестірушісі Шаханова Қарлығаш Төлеуқызы бастап келді.

Колледжді институционалдық аккредитеттеу комиссиясының құрамы:
1. Базарова Ләззат Есімқызы – Жетекші, Қарағанды агротехникалық колледжі директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
2. Рахышева Анита Жолдасқызы – Сарапшы, Атырау энергетика және құрылыс колледжі директорының оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
3. Кулшаров Нуболат Тоқтамысұлы – Сарапшы, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі директорының оқу – өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
4. Махамбетжанов Бақтыбай Бақытжанұлы – Сарапшы, «Ерасыл» құрылыс компаниясы» ЖШС директоры
5. Жақсылық Жансая Абдуллақызы – Сарапшы, Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінің ІІІ курс студенті

Колледжді мамандандырылған аккредитеттеу комиссиясының құрамы:
1. Кулшаров Нуболат Тоқтамысұлы – Жетекші, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі директорының оқу – өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары
2. Салиева Инрина Туйчибайқызы – Сарапшы, №6 колледжінің (Шымкент) арнайы пән оқытушысы
3. Сәрсембаев Ерболат Өрікұлы – Сарапшы, Қарағанды көлік –техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
4. Мәмбетов Мадияр Бақтиярбекұлы – Сарапшы, Алматы аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы, магистр
5. Шүленбаева Райхан Кенжебекқызы – Сарапшы, Жамбыл политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
6. Қазанқапова Ақмарал Иманбетқызы – Сарапшы, Талдықорған агро –техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы
7. Махамбетжанов Бақтыбай Бақытжанұлы – Сарапшы, «Ерасыл» құрылыс компаниясы» ЖШС директоры
8. Жақсылық Жансая Абдуллақызы – Сарапшы, Қазалы гуманитарлық – техникалық колледжінің ІІІ курс студенті

Колледжді институционалдық және мамандандырылған аккредитеттеу комиссиясы колледж басшысынан, директордың орынбасарларынан, кадр бөлімі меңгерушісінен, бас бухгалтерден, ПЦК жетекшілерінен, кітапханашы, әдіскер, педагог – психолог, әлеуметтік педагог, мейіркеш, аға шебер, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, білім алушылардан, бітіруші түлектерден, түлектерден, жұмыс берушілермен сұхбат жүргізді. Колледждің материалдық – техникалық базасымен танысты. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің сабақтарына және өндірістік оқыту сабақтарына қатысып, практикадан өтіп жатқан білім алушылар мен бітіруші түлектердің өндірістік тәжірибе және диплом алды тәжірибе жұмыстарымен танысты. Колледждегі оқу – өндірістік, оқу – әдістемелік, оқу – тәрбие жұмыстарының құжаттарымен, кадр бөлімінің, есеп бөлімінің құжаттарымен танысты.
Суреттерді түсірген: Ш.Баекеева

Мемлекеттік бағдарламалар