26 Ақпан 2019
61

«E-COLLEGE» БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН БАСҚАРУДЫҢ ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕСІ

  24 қаңтарда М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі базасында білім беру қызметін басқаруды цифрландырудың мүмкіндіктері жайлы облыстық семинар болып өтті. Аталған шараға Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің басшысы, директордың орынбасарлары, әдіскер, информатика пәнінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шебері, бағдарламашы қатысып қайтты.

 
Семинардың мақсаты – білім беру қызметін ұйымдастыруды толықтай цифрландыру арқылы оқу процесінің және студенттер білімін бақылап, бағалаудың ашықтығын қамтамасыз ету, білім беру ұйымында сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, оқытушыларды қағазбастылықтан арылту. 
Семинар барысында М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің «E-COLLEGE» білім беру қызметін басқарудың цифрлы жүйесі тәжірибесі насихатталған болатын. Әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытқан Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ұжымы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжімен әріптестік қарым – қатынас орнатуының нәтижесінде ақпан айынан «E-COLLEGE» білім беру қызметін басқарудың цифрлы жүйесіне енуді бастап кетті. Модератор – ақпарат маманы, өндірістік оқытук шебері Нұрманов Бағдат Әбішұлы. Қазіргі таңда барлық бөлімдер деректер базасын жинақтап, енгізуде. Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ұжымы жобаны бірге жүзеге асыруға ат салысқан М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлына зор алғысын білдіреді.

Мемлекеттік бағдарламалар