22 Ақпан 2019
22

КОЛЛЕДЖ АРДАГЕРІ, АҚЫН ДҮЗБАЙ СӘЛИЯ ШАРАПАДИНҚЫЗЫНЫҢ «ЖЫРЫММЕН ЖАСАП ЖАЙНАДЫМ» ЖЫР КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде
«ҚАШАН КӨРСЕҢ КҮНГЕ ҰҚСАҒАН ЖАНАРЫ, ҰСТАЗДАРДАЙ ҰЛЫҚ АДАМ ЖОҚ ӘЛІ» атты жаратылыстану және нақты пәндер бірлестігінің ардагер ұстаздарымен кездесу кеші және колледж ардагері, ақын Дүзбай Сәлия Шарападинқызының «ЖЫРЫММЕН ЖАСАП ЖАЙНАДЫМ» жыр кітабының тұсаукесері өткізілді. Кешке колледж ардагерлері Дүзбай Сәлия Шарападинқызы, Ильясов Қуандық Әлменбетұлы, Байсалбай Гүлсім Байсалбайқызы, Жұмағали Зибагүл Жұмағалиқызы шақырылды.

Кешті колледж директоры, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Исмайлов Темірбек Кәнішұлы ашты. Кеш барысында ардагер, ақын, ана Дүзбай Сәлия Шарападинқызының «ЖЫРЫММЕН ЖАСАП ЖАЙНАДЫМ» жыр кітабының тұсаукесері жасалды. Кеш барысында сөз алған Сәлия Шарападинқызы жыр жинағын құрастырып, баспаға әзірлеген шәкірті, колледж әдіскері Шарбану Толыбайқызы Баекееваға шынайы алғысын білдіріп, төл туындысын колледж кітапханасы мен мұражайына тапсырып, қолтаңбасын қалдырды. Колледж студенттері ақын Сәлия Шарападинқызының өлеңдерін жатқа айтса, өнерпаз студенттер би билеп, әннен шашу шашты.Кешті математика пәнінің оқытушысы Жаңылова Гүлазат Инабатқызы жүргізді.Суретті түсірген: Ш.Баекеева.

   

  

  

 

 

 

 

Мемлекеттік бағдарламалар