Жаналыктар1

Өркениет әлемі: Әл-Фарабиден Абайға дейін

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай білім алушылар арасында «Өркениет әлемі: Әл-Фарабиден Абайға дейін» тақырыбындағы қалалық конференциясы өткізілді.

КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 31 ЖЫЛ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына биыл 31 жыл. 
Сұрапыл соғысқа қатысып, өзге елдің мүддесін қорғаған отандастарымызға құрмет көрсету парызымыз. 
Осы атаулы күнге байланысты Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде ауған соғысының ардагерлері, Қазалы қаласының тұрғындары, Жаңабай Адмағамбетов пен Айдар Әлиевпен дөңгелек үстел өткізілді.

"ҮЗДІК ЖАС ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ"-2020 КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

"ҮЗДІК ЖАС ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ"-2020 КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде әдістемелік кабинеттің "Жас мамандар" мектебінің жылдық жоспарына сәйкес жас өндірістік оқыту шеберлерінің арасында "Үздік жас өндірістік оқыту шебері - 2020" колледжішілік байқауы өткізілді. Байқаудың қорытынды сөзін сөйлеген аға шебер Қуат Құланбайұлы байқауға қатысқан әрбір өндірістік оқыту шеберінің жұмысына жеке - жеке тоқталып, пікірін айтты.

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ - ҰРПАҚҚА МҰРА

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ - ҰРПАҚҚА МҰРА

Қазалы аграрлы - техникалық колледжіндегі Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының іс - шара жоспарына сәйкес Абайдың қара сөздерін терең меңгерту, тәрбиелік мәнін түсіндіру, сөз өнерінің қыр - сырымен таныстыру, халық даналығы мен өсиеттерін насихаттап, дәстүр мен жаңашылдықты қалыптастыру мақсатында қазақ тілі мен әдбиеті пәнінің оқытушысы Ертасова Гүлдана Ерболатқызының "ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ - ҰРПАҚҚА МҰРА" тақырыбында ақынның қара сөздерін оқу шеберлерінің сайысы өткізілді.

ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА.

ЖАТАҚХАНАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА.

Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мақсатында, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа Үндеуінің үшінші бастамасының Қызылорда облысында іске асуы бойынша ауданымыздағы колледждердің жатақханаларының жай күйіне партиялық бақылау жасалды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шахматтан 20 жасқа дейінгі мектеп және колледж білім алушылары арасындағы облыстық біріншілігінің іріктеу турына қатысқан колледж студенті Үйрекбай Аида Русланқызы жүлделі екінші орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. 
Аиданы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз!!!

Достар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" Заңға қол қойды.

Askhat Aimagambetov

Достар!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Педагог мәртебесі туралы" Заңға қол қойды. 
Барлық ұстаздар қауымын осындай тарихи шешімнің қабылдануымен құттықтаймын!