Жаналыктар1

СТУДЕНТТІК ӨМІР - ИГІ ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 17 - қараша - Студенттер күніне орай ІІ курс №17- 5 "Ішкі санитарлық құрылғыларды, желдеткіштерді техникалық пайдалану (түрлері бойынша)" тобының студенттерінің ұйымдастыруымен "СТУДЕНТТІК ӨМІР - ИГІ ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Топ кураторы - Суханберді Гүлзат Сайдуллақызы, топ шеберлері - Байкубекова Гүлстан Бақтыбайқызы мен Алаватдин Рүстем Алаватдинұлы. Ашық тәрбие сағаты барысында І курсқа қабылданған студенттерге студенттік билеттер табыс етілді. Ашық тәрбие сағаты топ студенттерінің концертіне ұласып, жоғары дәрежеде өтті.

ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ - ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 15 - қараша - Ұлттық валюта күніне орай І курс №18-1 "Пісіру ісі" тобының ұйымдастыруымен "Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатын ұйымдастырған топ кураторы - Әмірейов Абай мен топ шебері Пржанов Әділжан.

ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.
Диктант жазу сағат 11.00-де басталды. Диктантқа 15 жастан асқан барлық азаматтар (оқытушылар, инженер педагогтар, бюджеттік сала қызметкерлері, студенттер) қатысты.
Колледжде жалпыхалықтық диктант өз дәрежесінде өтті.

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРМЕН СҰХБАТЫ

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде Қазалы аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ермек Жұмажанұлы Аймахановтың басшылығымен аудан кәсіпкерлерінің болашақ жұмысшы мамандармен сұхбаты өтті. Кездесуге "Бастау" жобасымен 1 ай мерзімде білім алып, қазіргі таңда өз кәсіптерін жүргізіп жатқан кәсіпкерлер "Гузи Бильсариева" сән үйінің иесі, кәсіпкер Гүлзат Билсариева мен нан өнімдерін өндірумен өз наубайханасын ашқан Әсем Ешмаханова қатысып студент жастарға кәсіпкерлікті бастау, кәсіп ашу туралы өз іс - тәжірибелерін ортаға салды. Сонымен қатар студенттерді өздерінің шеберлік сыныптарына шақырды. Арнайы пән оқытушысы Бақытгүл Ибайдаева мен студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алысты.
Суретті түсірген: Шарбану Баекеева

"Үздік педагог" республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Үздік педагог" республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткені үшін орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алмаева Жадыра Нұрқожақызы Қызылорда облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ұстазды марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

"Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты" атты VII облыстық Еңбек форумы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты" атты VII облыстық Еңбек форумында Қазалы аграрлы - техникалық колледжі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушылары арасында өткізілген "Өнертапқыш -2018" облыстық шығармашылық байқау-көрмесінде жүлделі ІІІ орын иеленді. 
"ҚАТК 2018" шағын тракторы мен Квардациклді құрастырған "Ауылшаруашылық машиналарына қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" және "Автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандықтарының өндірістік оқыту шеберлері мен студенттеріне алғысымызды білдіреміз!!!
Ұжымды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!!!

«Нұр Отан» партиясы

Осы аптаның сәрсенбі күні Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбек Өмірзақұлы Мәмбетжаның қатысуымен «Қазалы» атындағы бастауыш партия ұйымдарының (бұдан әрі-БПҰ) жиналысы болып, оған қаладағы мекеме, кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Жиналыста «Қазалы» атындағы БПҰ-на қарасты 10 БПҰ бюро мүшелігіне барлық мекеменің басшылары, партия ұйымының бюро жетекшілігіне Ғ.Мұратбаев мемориалдық мұражайының директоры Асанова Роза Шорақызы сайланса, 2018 жылдың 25 қазан күні өтетін Қазалы аудандық партия филиалының кезекті ХХV есеп беру-сайлау конференциясына 20 делегаттың кандидатурасы ұсынылып, бір ауыздан шешім қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламалар