Жаналыктар1

Мамандык конкурсы. 07.12.2018 жыл.

 ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарын бітірген түлектер арасында ерекше дарынды және интеллектуальды қабілетті жоғары білім алушыларды және өз ісінің шеберін анықтау,оқыту мен қатар кәсіби шеберлігі бағытында практикалық жұмыстарының жүргізілуін жетілдіру, білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жинақтау, іріктеу, қорытып және өз ісінің шеберін анықтау мақсатында Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде «Өз ісінің шебері» колледжішілік байқауы өткізілді.

СПИД АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛДЫ

1- желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС- ке қарсы күрес күніне орай 15 - қараша - 15 - желтоқсан аралығында өткізілетін "Өз мәртебеңді біл!" айлығы аясында Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде аудандық ЖИТС- ке қарсы күрес жөніндегі орталығы мамандарының қатысуымен колледж студенттерімен акция өткізілді. Шараны директордың оқу - тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлы ашты. Мұнан кейін ЖИТС- ке қарсы күрес жөніндегі орталығының меңгерушісі Перуза Жолдыбаева сөз алып, "СПИД - ғасыр дерті" тақырыбында баяндама жасады. Акцияға эпипидемиолог дәрігерлер Руслан Тлеумбетов пен Талант Айбасов, мейіркеш Гүлнар Керимова, аудандық жастар денсаулығы орталығының маманы Гүлназия Кәмілжанқызы Қонысбаева, дәрігері Әйгерім Әлиева қатысты. 
Акция барысында аталмыш дәрігерлер жатақхана студенттерімен "Өз денсаулығың - өз өмірің" атты дөңгелек үстел өткізді.

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде 2018 жылдың 30-қараша күні 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елбасы-ел тірегі,ел намысы» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

 

БІРЫҢҒАЙ ОҚУ САҒАТЫ

9 - желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай колледж студенттерімен академиялық тазалық мәселесіне арналған бірыңғай оқу сағаты өтті. Бірыңғай оқу сағатын директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Мусаев Арман Қонысбайұлы ашып жүргізіп отырды. Тарих және құқық пәндерінің оқытушысы Шыраева Жанар Зейнуллақызы "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында баяндама жасады.

Ұлы даланың жеті қыры

Алтын күз - 2018

"Үздік өндірістік оқыту шебері - 2018"

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының өндірістік оқыту шеберлері арасында "Үздік өндірістік оқыту шебері - 2018" облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Сатаров Қуандық Амантайұлы қатысты.

Мемлекеттік бағдарламалар