Жаналыктар1

АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ

Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай колледж студенттерімен "Ауғанның отты жылдары" атты дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелді ұйымдастырған әскери жетекші Бақытғали Шаймерденов пен Әкімбек Бекқожа студенттерге Ауған соғысы туралы әңгімелесе, тарих пәнінің оқытушысы Шыраева Жанар Зейнуллақызы Ауған соғысының тарихынан дәріс оқыды.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКТЕН!

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде "ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКТЕН!" атты қайырымдылық шарасы өткізілді. Барлық оқу топтары арасында жәрмеңке өткізіліп, жәрмеңкеден жиналған қаржыға балаларға киім - кешек алып берілді. Қайырымдылық шарасына ат салысқан барлық топ кураторлары мен топ шеберлеріне колледж әкімшілігі атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!!!

"ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН" АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ.

"ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖЫЛЫ ЖҮРЕКТЕН"

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің көркемөнерпаздар жетекшісі Әбдіғаппаров Жандос Жеткергенұлы Қазалы ауданы бойынша Жастар Парламентінің депутаты болып сайланды. Жандосжан, колледж жастарының, аудан жастарының алдында абройың асқақтай берсін!!! Шығармашылық табыстарға жете бер!!!

"МҰҚАҒАЛИ - ПОЭЗИЯ ХАНТӘҢІРІ"

"МҰҚАҒАЛИ - ПОЭЗИЯ ХАНТӘҢІРІ" атты жас ақындар мүшәйрасы
Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Мұқағали - поэзия Хантәңірі" атты жас ақындардың жыр мүшайрасы өткізілуде.

"ӨЗІН ӨЗІ ТАНУ: МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ" апталығы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде "Спорт" қоғамының ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында қаладағы №16, №17, №95 және Қазалы аграрлы - техникалық колледжі білім алушылары арасында "Жаман әдеттен жиренейік!" атты волейбол сайысы өткізілді. Сайыс қорытындысымен Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің командасы бірінші орынды иеленді. Сайысқа қатысқан колледж командасын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы сайыстарына да жеңіс тілейміз!!!

Мемлекеттік бағдарламалар