Жаналыктар1

"МЕНІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМ!" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Бүгін Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 1 - желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ІІ курс №18-3 "Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану" мамандығы оқу тобының "Менің Тұңғыш Президентім!" тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты өткізілді. 
Топ кураторы: Шынар Еркужаева
Топ шебері: Айтпаев Қайрат

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "Абай - ұлы даланың ұлы есімі" облыстық байқауына қатысқан Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің студенттері Оралбай Мадияр (Жетекшісі: Ысмағұл Ж.) бірінші орынды, Мәмбетов Мерей (Жетекшісі: Ысмағұл Ж.) үшінші орынды иеленсе, Жабаев Мейрімжан (Жетекшісі: Алмаева Ж.) белсене қатысқаны үшін Қызылорда облысының білім басқармасының Дипломдары мен Алғыс Хаттарымен марапатталса,

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ "АЙБЫН" ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ.

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ "АЙБЫН" ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ.

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысы РҚБ Қызылорда облыстық филиалы қолдауымен және "Кәусар" мамандар орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Айбын" облыстық әскери-патриоттық жиыны өткізілді. Жиынға 8 командадан жасақталған 64 жас қатысты. Жиында әскери-қолданбалы 5 спорт түрлері және "IQazaqstan" ,"Менің роботым" сайыстары бойынша командалар бақ сынады. "Арқан тарту" жарысы бойынша Қазалы аграрлы теxникалық колледжі III орынды иеленді.

БАҚЫТЖАН АРАЙЛЫМ БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕН КҮМІС МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ.

БАҚЫТЖАН АРАЙЛЫМ БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕН КҮМІС МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ.

Қазалы аграрлы - техникалық колледжі Моңғолияның астанасы Ұлан Батор қаласындағы бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Арайлым Бақытжанқызын қарсы алды.
Суретті түсірген: Ш.Толыбайқызы

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай колледж білім алушылары арасында өткізілген облыстық тоғызқұмалақ турнирінде жоғары дәрежеде өнер көрсеткен Қазалы аграрлы - техникалық колледжінің командасы жүлделі І орынды білім алушыларды жарысқа дайындаған дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Қалыбаев Қайрат Оңталапұлы "Үздік команда жетекшісі" номинациясын иеленіп, Қызылорда облысының білім басқармасы Аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталығы мен Көпсалалы "Ұлағат - Қызылорда" колледжінің дипломдарымен марапатталды.

"ҮЗДІК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ" КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ.

"ҮЗДІК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ" КОЛЛЕДЖІШІЛІК БАЙҚАУЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ.

Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде "ҮЗДІК ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ" байқауы өткізілуде. Байқау 5 кезеңнен тұрады. Байқаудың "Мен - шебермін" кезеңі
Суретті түсірген: Ш.Толыбайқызы.

"АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН" АТТЫ ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ САЗДЫ КЕШІ

                     "АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН" АТТЫ ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ САЗДЫ КЕШІ
  Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 14-23 қараша аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігінің "ТІЛ - ӘР ҰЛТТЫҢ ЕҢ ҰЛЫ АНАСЫ" атты пән апталығы өтуде. Апталық аясында бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жәния Ысмағұлдың ұйымдастыруымен АБАЙ ЖАҚҚАН БІР СӘУЛЕ СӨНБЕС ҮШІН" атты әдеби - музыкалық сазды кеші өткізілді.
Суретті түсірген: Ш.Баекеева