08 Желтоксан 2018
348

Колледж түлектері

 

Кәрібоз Әлимаев – Социалистік Еңбек Ері

 

 

Кәрібоз Әлимаев 1936 жылы Сталин ауыл советінде туылып, 1953 жылы «Коммунизм» 7-жылдық мектебін бітірді.1954-55 жылы сол «Коммунизм» қолхозында Сәлиім сиыр фермасында, 200 кітаппен шағын көшпелі библиотека ашып, сол сиыр фермасында учетчик болып істеді. Әкесі бақташы болып істеді. 1956 жылы осы Қазалыдағы 1-жылдық вет-санитарды бітірді. 1957 жылы Қазалыдағы механизация мектебін бітірді. 1958 жылы тракторист мамандығын игеріп, жақсы жұмыс жасағаны үшін, 1967 жылы 9-мамырда Социалистік Еңбек Ері атағын берді. 1970 жылға дейін тракторист болды. 1970 жылы қойшаруашылығы 2 атағын алып, игеруде еді. Бұл оған қиын болған жоқ. Өйткені әкесі өмір бойы қой мен сиыр баққан. Шопан болып жүргенде, ақшалай, заттай сыйлықтан қалып көрген емес. Облыстық депутат болып сайланған. 1995 жылдан дербес зейнеткер.

 

Әбуша Дінісламов - Социалистік Еңбек Ері  (1934-1997) 

 

 

 


Колледж түлегі Әбуша Дінісламов 1934 жылы Көларық ауылдық кеңесінде туған. Еңбек жолын колхозшы болып бастаған. 1956 жылы Қазалы қаласындағы №34 ауылшаруашылығын механизациялау училищесінде оқып, механизатор мамандығын алған. Өз мамандығында аянбай еңбек етіп, ел құрметіне бөленді.  Кәсіптік мектептен алған білімінің нәтижесінде ауылшаруашылығы саласының майталманы атанды. Өнертапқыштық жұмыспен де айналысып, ауылшаруашылығына толымды жаңалықтар енгізді. Еңбегі бағаланып, егіс бригадирі болып бекітілді. Күріш егістігінен жоғары өнім алып, республика аймағына танылды. Бригадасымен өзіне бекітілген 300 га жердің әр гектарынан 85-90 центнерге дейін өнім алуға қол жеткізді. 1984 жылы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еңбек», Қызыл ту ордендерімен марапатталды. Аудандық Советінің депутаты болып сайланды. 1986 жылы ауылшаруашылығы саласындағы еңбегі үшін кәсіптік мектебіміздің түлегі, атақты диқан-механизатор Әбуша Дінсламов еліміздің ең жоғары наградасы – «Социалистік Еңбек Ері» атағын, «Ленин» ордені мен «Орақ-балға» алтын медалін алды.

 

 

Смағұл Бақытбек - 1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы  ауданында дүниеге келген. 1967 жылы №96 қазақ орта мектебiнiң 1-сыныбына қабылданып, 1975 жылы 8-шi сыныпты үздiк бiтiрген. 1975 жылы Қазалы қаласындағы №34 кәсiптiк-техникалық училищесiнiң құрылыс бөлiмiне түсiп, бұл оқу орнын 1977 жылы қызыл дипломмен бiтiрiп, Алматы құрылыс техникумына емтихансыз қабылданған. 1979 жылы әскер қатарына шақырылып, 1981 жылға дейiн Отан алдындағы борышын Ауғанстан Халық Демократиялық Республикасында атқарған. Ауғанстанда бiрнеше рет жарақат алған. Әскерден келген соң Алматы құрылыс техникумында оқуын жалғастырып, сонымен бiрге осы техникумның №4 жатақханасында өзiн-өзi басқару  жүйесiн өмiрге енгiзiп, коммендант болып жұмыс iстеген Бұл сол кезде күллi Кеңестер Одағы бойынша тұңғыш рет қолға алынған жаңа бастама  едi.

1985 жылы техникумды бiтiрген соң, осы техникумның  жолдамасы бойынша Алматы қаласындағы Калинин аудандық  тұрғын үй басқармасында техникалық бақылаушы болып жұмыс бастаған. Ал 1986 жылы Алматы құрылыс техникумына директордың тәрбие iстерi жөнiндегi орынбасары, 1991 жылдан 1994 жылға дейiн Калинин аудандық РСУ мекемесiнде құрылыс мастерi, 1995 жылы Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы болған. Сол жылы “Болашақ”  базарының  директоры болып ауысып, бұдан кейiнгi жылдарда  “Нұрлы”, “Құлагер”, “Аякөз”, “Сәлем”, “Арман”, “Жаркент”, “Олжа” базарларында директор болып iстеген.

Сол кезде жаңадан ашылған бұл базарлардың жұмысының қалыптасуына, олардың тұтынушылар  сұранысын толық қанағаттандыруына үлес қосқан. Бұдан соң  Алматының Орталық базарында бас әкiмшi, 2000 жылы Алматыда “Дөйт” қонақ үйiндегi “Паншер” әскери күзет басқармасында бастық болып жұмыс iстеген. 2002 жылдан бастап Ауғанстан мүгедектер қоғамында  орынбасар болып, 2005 жылдан берi Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының “Қазақстан ардагерлерi” қауымдастығы төрағасының орынбасары болып қоғамдық жұмыс атқарған. Мұнымен қоса “Сауап” қоғамдық қорының төрағасы. “Ауғанның от-жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”,  Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев туралы “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаһарман” атты жастарымызды отан сүйгiштiкке тәрбиелеп, ерлiкке  баулитын патриоттық кiтаптардың авторы. Әдебиетшiлер, жазушылар, педагогтар бұл кiтаптарды жоғары бағалап, республикалық баспасөз беттерiнде арнайы пiкiрлерiн де бiлдiрдi. “Қызыл жұлдыз”, “Соғыс ардагерi”, “Құрмет “За Заслуги”, “Долг и честь”, “ За воинскую доблесть” ордендерiмен марапатталған. Б.Момышұлы атындағы “Құрмет белгiсiмен” де марапатталған. Кеңес  Одағы тұсында алған медальдарының ұзын саны 15-тен асады. 2005 жылы ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың арнайы грамотасымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі     №364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралдарының жалпыәскери жарғыларын қайта әзірлеуде, атап айтқанда Ішкі қызмет жарғысының 420 – тармағында әскери қызметшілердің сәлемдесу рәсіміне Бақытбек Смағұлдың  «АРМЫСЫЗДАР» деген ұсынысы енгізілді. Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан ардагерлерi» қауымдастығының басшысы ретінде 2008 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың жеке қабылдауында болған.

Бiлiмi - жоғары. Орталық Азия университетiнiң заң факультетiн бiтiрген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң журналистика факультетiн қызыл дипломмен тәмамдаған. ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың тiкелей ұсынысымен “Алғашқы әскери дайындық” пәнiнiң мемлекеттiк бағдарламасын жасаған.  Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының “Қазақстан ардагерлерi” қауымдастығының төрағасының орынбасары ретiнде ұлттық  тiлiмiздiң дамуына, әскери-патриоттық тәрбиенiң қалыптасуына, елiмiздегi әскери-патриоттық iс-шаралардың ойдағыдай өтуiне жан-жақты ат салысып келеді. Отбасылы. Алты  баланың әкесi. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты.

 

 

Мемлекеттік бағдарламалар