06 Желтоксан 2018
216

Колледж тарихы

 

Облысымыздағы болашақ ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын іргелі оқу орындарының бірі - Қазалы аг­рар­лы-техникалық колледжі.


1954 жылы ақпан айында КПСС Орталық Комитетінің Ақпан Пленумында еліміздегі тың және тыңайған жерлерді игеру туралы Қаулысы шықты. Осыған байланысты дархан қазақ даласынан 25 млн га жер игеріліп, мыңдаған совхоздар ашылуы керек еді. Осы совхоздарға мыңдаған маман механизаторлар мен басқа да мамандарға қажеттілік туды. Сондықтан да Қазақстанның жер-жерлерінде ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын кіші оқу-орындары – ауылшаруашылық училищелері ашыла бастады. Сондай училищелердің бірі - №34 Қазалы қаласындағы ауылшаруашылығын механизациялау училищесі (УМСХ №34) 1954 жылы сәуір айында ашылды.


Алғашында  оқу орны 1961-1973 жыл­дары №34 ауыл шаруа­шы­лы­ғын механизациялау училищесі, 1973-1981 жылдары №34 ауыл­шаруашылық кәсіптік-тех­ни­­калық училищесі, 1981-1990 жыл­­дары №8 селолық орта кә­сіп­­­тік-техникалық училище, 1990-2002 жылдары №8 кәсіп­тік-техникалық училище, 2002-2008 жылдары №8 кәсіптік мектеп, 2009-2012 жылдары №8 кә­сіп­тік лицей атанған. 2013 жылдан Қазалы аграрлы-техникалық кол­леджі болып қайта құ­рыл­­ды. Осы уақыттардың ішінде ір­гелі оқу орны ауылшаруашы­лы­ғына қажетті тракторшы, ком­­байншы, К-700 жүргізуш-ме­ханиза­тор­­­лары, құрылысшылар, мал ма­мандары, фермерлер, газ­элек­трдәнекерлеуші се­кіл­ді мамандарды да­йындады. Түлектеріміз Қа­зақстанның түкпір-түкпір­ле­рі­­нің ха­лық шаруашылығында үл­­­гілі ең­бек етіп, оқу орнының абы­­ройын асқақтатты. Ауданымыздың Социалистік Еңбек Ерлері Әбуша Дінісламов пен Кәрібоз Әлимаев және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының “Қазақстан ардагерлерi” қауымдастығының төрағасы, жазушы Бақытбек Смағұл колледж түлектері.    

Мемлекеттік бағдарламалар