17 Мамыр 2020
691

Қабылдау ережесі

 

«Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы                  18 қазандағы № 578 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17705 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 қарашада жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

Мынадай редакциядағы 3-тараумен толықтырылсын:

3-тарау. Республика аумағында халықтың ауруларының алдын алуды және емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты адамдардың жаппай жиналуына қатысты шектеу шаралары енгізілген жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі

  1. Білім беру ұйымдарында тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау үшін қабылдау емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау кезеңінде 1 маусымнан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қабылдау комиссиясы құрылады, ол мүшелерінің тақ санынан тұрады. Қабылдау комиссиясының құрамына жұмыс берушілердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтары, студенттік өзін-өзі басқару органдарының, ата-аналар қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясының құрамынан мүшелердің көпшілік дауысымен төраға сайланады.

Қабылдау комиссиясының жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы  жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясының шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Қабылдау комиссиясының шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы қабылдау комиссиясының мүшесі болып табылмайды.

Қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген Білім туралы құжатқа сәйкес орта конкурстық балды көрсете отырып, талапкерлердің тізімдік құрамын және білім туралы құжатқа сәйкес орта конкурстық балды көрсете отырып, қабылдау квотасы көзделген талапкерлердің тізімдік құрамын қалыптастырады.

Қабылдау комиссиясы талапкерлердің тізімдік құрамын орта конкурстық балды және қабылдау квотасы көзделген тұлғалар санатын көрсете отырып, білім беру ұйымының сайтына орналастырады және оның күн сайын жаңартылуын қамтамасыз етеді.

  1. Білім беру ұйымдарына оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау:

1) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 тамызына дейін, кешкі және сырттай оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 шілдесіне дейін.;

2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 27 тамызына дейін, оқудың кешкі нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін.

  1. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  2. Шалғайдағы елді мекендерде тұратын адамдардың өтініштерін қабылдау үшін білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар ұтқыр қабылдау комиссиясын ұйымдастырады.
  3. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау конкурстық негізде тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
  4. Білім беру ұйымдарына оқуға тұлғалардың өтініштерін қабылдау Қағидалардың 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
  5. Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Қағидалардың 9, 9-1, 9-2, 9-3, 9-4-тармақтарына сәйкес портал арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.
  6. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін білім алушылар құрамына қабылдау конкурсы білім туралы құжатқа сәйкес орташа конкурстық балл бойынша өткізіледі. Орташа конкурстық балл Білім туралы құжаттың бағалары мен балдарынан қалыптастырылады:

негізгі орта білімі бар (негізгі жалпы) түсушілер үшін-үш пән бойынша: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі) және мамандық бейіні бойынша екі пән бойынша;

жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімді түсушілер үшін - төрт пән бойынша (Қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша екі пән);

негізгі орта білімі (негізгі жалпы), жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар педагогикалық, медициналық мамандықтарға, арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші тұлғалар шығармашылық емтихан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және/немесе мамандық бойынша талапкердің портфолиосын (қағаз немесе электрондық түрде) қолдану арқылы тапсырады. Емтиханды онлайн режимінде тапсыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, талапкерлер білім беру ұйымына шығармашылық тапсырманы орындаумен бейне жібереді.

Қажет болған жағдайда қабылдау комиссиясы бейне-конференц-байланыс жүйесі арқылы талапкерлермен әңгімелесу өткізеді.

 «Хореографиялық өнер» мамандығына түсуші тұлғалар қосымша білім беру ұйымдарында медициналық комиссиядан өтеді. Денсаулық жағдайы туралы соңғы қорытындыны білім беру ұйымының медициналық комиссиясы шығарады.

Абитуриенттер қабылдау комиссиясының талабы бойынша бейнді мамандардың медициналық анықтамаларын ұсынады;

негізгі орта білімі (негізгі жалпы), жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсетін адамдар шығармашылық емтихан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы және спорттық жетістіктері бар портфолио, соңғы Президенттік (Ұлттық) тест нәтижелерін тапсырады. Портфолио мазмұны және бағалау критерийлері қабылдау комиссиясының шешімімен қабылданады;

медициналық мамандықтарға түсетін адамдар психометриялық тестілеу әдісімен кәсіби жарамдылығын анықтау үшін арнайы сынақтан өтеді. Жеделдетілген оқу нысаны бар және мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік білімі бар орта білімнен кейінгі білім деңгейіне түсуші тұлғалар белгіленген талаптар бойынша эссе жазу түрінде, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып түсу емтихандарын тапсырады.

Талапкерлердің орташа конкурстық балы тең болған жағдайда бірінші кезекте білім туралы құжаттың орташа балы ескеріледі.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар қабылдау комиссиясының талаптарына сәйкес қабылданады.

Қабылдау комиссиясының техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау туралы шешімі білім беру ұйымының сайтында орналастырылады.

  1. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
  2. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кәсіптік жарамдылығын анықтауға арналған емтиханды өткізу нысаны білім беру ұйымдарының психометриялық тестілеу әдісімен анықталады.
  3. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша мамандар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін адамдар үшін арнайы немесе шығармашылық емтихандар – күнтізбелік жылдың 21-28 шілде аралығында өткізіледі.
  4. Жекелеген мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі орындалмаған жағдайда қабылдау комиссиясы талапкерлерге қосымша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген талапкерлер өтінішті білім беру ұйымының электрондық поштасына жібереді.

  1. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және арнайы емтихандардың нәтижелерін бағалау кезінде даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы 26,27,28-тармақтарға сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Орта буын мамандарын, қолданбалы бакалаврды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжатына сәйкес орташа конкурстық балға сәйкес жүргізіледі:

1) күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20-31 тамызы аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына-күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында.

Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 25-31 тамызы аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды, әңгімелесу нәтижелерін ескере отырып, іріктеу негізінде;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына - негізгі орта немесе жалпы орта білім туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағаларды, әңгімелесу нәтижелерін ескере отырып, іріктеу негізінде күнтізбелік жылдың 15-30 қыркүйегі аралығында жүргізіледі.

Медициналық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау конкурсы орташа конкурстық балл және қабылдау комиссиясының шешімі бойынша психометриялық тестілеу нәтижелері бойынша өткізіледі.

Ағылшын тілінде оқитын топтарды қалыптастыру кезінде қосымша ағылшын тілін білудің базалық деңгейін (тестілеу әдісімен) бағалау жүргізіледі.

  1. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы                                                                                Аты-жөні