18/February/2021
174

"АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ" АТТЫ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

"АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖЫЛДАРЫ" АТТЫ АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай әскери жетекші Шаймерденов Бақытғали Базарбайұлы мен АӘТД пәнінің оқытушысы Бекқожа Әкімбек Тойбазарұлы "Ауғанның отты жылдары" атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Айдар Әлиев, Жаңабай Әлмағамбетов, Жеткерген Жолтаев қатысты. Шараны колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жаңылова Гүлазат Инабатқызы ашып, ардагерлерге алғысын жеткізді. Ардагерлер студенттерге отты жылдардан естеліктер айтып, студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Суретті түсірген: Г.Жетес.