31/December/2020
483

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАГЕР ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР МЕН АТА - АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАГЕР ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР МЕН АТА - АНАЛАР! Бүгін тарихымыздың жаңа парағы 2021 жыл табалдырықтан аттағалы тұр. Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп"деген даналық сөз бар. 2020 жыл еліміз үшін қиын жыл болса да, төтенше жағдайға қарамастан алғаш рет қашықтықтан оқыту жүзеге асырылып, педагогтар сын сағатта өздерінің нағыз ұстаз екендерін көрсетті. Сіздерді келе жатқан 2021 - Сиыр жылымен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға жол ашылып, мол табыстар ала келсін! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға қуаныш пен шаттық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Ізгі тілекпен, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы