30/November/2020
543

Құрметті Әріптестер!!! Сіздерді 1 – желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!!!

Құрметті Әріптестер!!! Сіздерді 1 – желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын!!! 1 – желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырып, елді бірлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Тұңғыш Президенттің бастамаларымен, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасында абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегі мен көреген саясатының жемісі. Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға қуаныш пен шаттық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Ізгі тілекпен, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы