14/January/2021
210

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖІШІЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЫ

«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖІШІЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЫ Қазалы аграрлы - техникалық колледжінде 2021 жылдың 14 қаңтары күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында колледжішілік педагогикалық оқуы өткізілді. Педагогикалық оқуды колледж директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы ашып, ұстаздарға сәттілік тіледі. Колледжішілік педагогикалық оқуға колледж директоры А.Қ.Мусаев, директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.Ө.Кибекбаева, директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ.М.Арзақынов, аға шебер Қ.Қ.Орынбасар, педагог - психолог Е.Т.Баекеев, кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Б.Шаймерденов, 2020 жылғы облыс әкімі сыйақысының иегері Ж.Ысмағұл, "Үздік педагог-2020" республикалық байқауының жеңімпазы Г.И.Жаңылова, ПЦК жетекшісі, арнайы пән оқытушысы Б.А.Ибайдаева, колледж әдіскері Ш.Т.Баекеева қазылық жасады. Жалпы пән оқытушылары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлерінен құралған 3 - секцияда 40-қа жуық баяндама тыңдалды. Суретті түсірген: Ш.Баекеева

"/>"/>