15/December/2020
343

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАГЕР ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ АТА - АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, АРДАГЕР ҰСТАЗДАР, СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ АТА - АНАЛАР! Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Айтулы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға қуаныш пен шаттық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Ізгі тілекпен, Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің директоры Мусаев Арман Қонысбайұлы